Жұрттың жеке деректерін сатқан Twitter желісі айыппұл төлейді

Жеке деректерді сатқаны үшін Twitter желісіне 150 миллион доллар көлемінде айыппұл салынды.

Жуырда АҚШ-тың әділет министрі мен Федералды сауда комиссиясы осындай шешім шығарды.

Құқық қорғау органдары келтірген мәліметке сәйкес, әлемге танымал әлеуметтік желі қолданушылардың электронды пошта адрестері мен телефон номерлерін жарнама сату үшін пайдаланған. Осылайша ол реттеуші органдармен арадағы келісімді бұзған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы дәл осы желі еуропалық құпия ережелерін бұзғаны үшін 400 мың фунт стерлинг айыппұл арқалаған еді.