Мексикада дауылдан 11 адам ажал құшты

Мексиканың оңтүстігінде «Агата» дауылынан 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 33 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, өзендер арнасынан тасып, соңы лай көшкініне ұласты. Тынық мұхиты жағалауындағы  Сан-Исидро-дель-Пальмар қаласы толық су астында қалған. Сондай-ақ туристік қалашықтар да зардап шеккен. Жалпы аймақта табиғи апаттан 40 мыңнан астам адам жапа шекті. Ұлттық Су комиссиясы «Агата» дауылынан кейін жаңбыр жаууы мүмкін деп болжайды.

Педро Лопес, шаруа:

Дауыл бізді шығынға белшеден батырды. Ес жия алмай жатырмыз. Үйдегі электр бұйымдарымызды істеп шығарып, бүкіл ыдыс-аяқты сындырды. Енді бәрінің орнын толтыру керек.