Әлем елдері туризм саласын жандандыра бастады

Ол үшін шетелден келетін меймандарға карантиндік шектеу шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таиланд пен Жапонияға келген демалушылар карантинде отырмайтын болды. Ал Түркия шекарасында ПТР немесе антиген тестін көрсету тәртібі алынды. Шанхай тұрғындары болса, қатаң локдауннан шығып қалыпты өмірге орала бастады.

Таиландқа келген туристер карантинде отырмайды. Жергілікті биліктің шешіміне сай коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамаған адам еш кедергісіз елге кіре алады. Ковид екпесі бар мейманның төлқұжаты, вакцинаны дәлелдейтін сертификаты мен медициналық сақтандыруы болуы керек. Ал егілмеген саяхатшы антиген тесттің теріс нәтижесі мен соңғы 72 сағатта жасалынған птр тесттің теріс нәтижесін ұсынуы шарт. Тестті Тайланд әуежайында да тапсыруға болады. Сонымен қатар шет ел азаматы Thailand Pass жүйесінде тіркелуі керек. Билік Камбоджа, Лаос, Малайзия мен Мьянма арқылы өтетін 34 бақылау-өткізу бекетін ашты. Бангкок пен тағы 30 провинцияда халыққа бетперде кимесе болды. 

КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Жапонияда туристер үшін карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді. Бүгіннен бастап елге бір тәулікте кіре алатын саяхатшылардың санын 20 мыңға дейін артты. Сонымен қатар эпидахуалы жақсы 98 ел тұрғындары ковидке қарсы вакцина қабылдамаса да карантинде отырмайды, әрі тест тапсырайды. Тізімде АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Корея мен Ресей бар. Ал эпиджағдай орташа деп танылған 99 ел тұрғындары 3 мәрте егілген болса, ғана тест пен карантиннен құтылады. Олардың қатарына Қазақстан, Украина, Африка мен Таяу Шығыстың елдері кіреді. Ал қауіпті деп танылған өңірден келгендер қонақүйде 3 күн бойы карантинде отыруы тиіс. Кейін тест тапсырғаннан кейін ғана сыртқа шыға алады. Қара тізімде Албания, Пәкістан, Сьерра-Леоне мен Фиджи бар.

Фумио Кишида Жапония Премьер-министрі:

Жапония шекарасындағы бағылауды жеңілдетеміз. Маусымның 1-нен бастап елге бір күнде кіретін туристердің санын 10 мыңнан 20 мыңға дейін көбейтеміз.