Украинада жалпы ішкі өнім 35% қысқарды

Ресеймен арадағы қарулы қақтығыс кесірінен Украинаның жалпы ішкі өнімі 35 процентке азайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы президент Зеленскийдің кеңсесінен мәлім етілді. Соғыстың кесірінен елде 200-ден астам зауыт қираған. Арасында ресейлік әскерилер басып алған кәсіпорындар да бар. Шығын 600 миллиард доллардан асып кетті. Бұдан бөлек, елден 5 миллион азамат босып кетті. Бұл да ел экономикасына кері әсерін тигізген көрінеді.