Украинада соғыс басталғалы 243 бала көз жұмды

Ал 446 бала жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 139 баланың тағдыры белгісіз. Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді. Бірақ Украина басшысы қаза тапқан және жарақат алған балалардың саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, үкімет Ресей қарулы күштері басып алған аудандардағы жағдайдан бейхабар дейді. Зеленский, сондай-ақ, Ресей 200 мың баланы өз аумағына күштеп алып кетті деп отыр. Бұл кішкентайлардың Украинаны ұмытып, отанына оралуға мүмкіндік бермеу мақсатында жасалып отырған саясат дейді ол.