Ливия шөлінде мыңдаған баррель шикі мұнай төгілді

Биліктің мәлімдеуінше, Сарир кен орнынан басталып, Жерорта теңізінің жағасындағы Тобрук қаласына дейін созылып жатқан құбыр тесілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауапты компания күніне 22 мыңға жуық баррель далаға ағып жатқанын айтады. Мұнай құбыры ұзақ уақыттан бері техникалық жөндеу көрмеген. Қазір компания жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. Ливияның Ұлттық мұнай корпорациясы құбырға қарулы адамдар шабуыл жасады деп хабарлады. Қазір бұл елде саяси топтар арасында билік үшін тартыс болып жатыр.