476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Палестинада үйді бұзу операциясы қақтығыспен аяқталды

  • 207
  • UPD: 15:20, 02.06.2022
Палестинада үйді бұзу операциясы қақтығыспен аяқталды

Израиль күштері Палестинаның Дженин қаласының шетіндегі бір лаңкестің үйін бұзу операциясын жүргізіп, нәтижесінде қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі палестиналық оққа ұшып, тағы екі тұрғын ауыр жарақат алды. Ақпарға қарағанда, Израиль сарбаздары палестиналықтың ауылына өткен күні кеш бата кірген. Бірақ жергілікті тұрғындар қарсылық танытып, шара қақтығысқа ұласқан. Айта кетейік, бұл үй наурыз айында Израильдің Бней-Брак қаласында жаяу жүргіншілерді автоматпен атқан Диа Хамаршидің үйі болған. Ол кезде Хамаршидің қолынан 5 израильдік қаза тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы