70 жыл бойғы үстемдік: Патшайым Елизавета құрметіне парад өтті

Лондонда Британ тағының иесі Елизавета Екіншінің құрметіне парад ұйымдастырылды. Биыл қыста Ұлыбритания Патшайымының тақта отырғанына 70 жыл толды.

Парадқа 1200-ден астам сарбаз бен бірнеше әскери оркестр қатысты. Елизавета Екіншінің жеке гвардиясы Букингем сарайынан Уайтхоллға дейін маршпен жүріп қайтты. Бұрын дәл осы жерде патша сарайы орналасқан еді. Іс-шара жексенбіге дейін жалғасады. Бүгіннен бастап бүкіл елде демалыс жарияланған.