АҚШ-та жерлеу рәсімінде атыс болды

АҚШ-та жерлеу рәсімінде атыс болды

АҚШ-та тағы да оқ атылды. УинскОнсын штатындағы Расин қаласында атыстан кемінде 5 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше оқиға жерлеу рәсімі кезінде болған. Полиция жаралылардың шұғыл ауруханаға жеткізілгенін айтты. Сондай-ақ билік жергілікті тұрғындарға атыс болған аумаққа бармауды ескертті. Өйткені ондағы жағдай әлі толық бақылауға алынбаған. Куәгерлердің айтуынша, осы сәтке дейін шамамен 40 рет оқ атылған. Қазір америка қоғамында қару ұстауға заңмен тыйым салу мәселесі қызу талқыланып жатыр.