Жаңа Зеландия: сот ғимараты маңындағы атыстан үш адам жарақат алды

Жаңа Зеландияның Окленд қаласындағы сот ғимаратының маңында атыс болып, салдарынан үш адам жарақат алды.

Radio New Zealand мәліметінше, оқиға жергілікті уақытпен 13:00 (елорда уақытымен 7:00) шамасында Оклендтің оңтүстігіндегі Папакур ауданында болған. Шақырту бойынша жеткен полицейлер ауыр жарақат алған ер адамды анықтап, ауруханаға жеткізген. Бұдан бөлек тағы екі адамның зардап шеккені расталды.

Оқиға орнында полиция қызметі мен апат қызметтерінің бригадалары жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдайға байланысты әзірге ешкім ұсталған жоқ.