Оңтүстік Кореяда карантин талабы алынды   

Оңтүстік Кореяда вакцина салдырмаған шетелдіктер үшін карантин талабы алынып тасталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ереже 8 маусымда күшіне енеді. Халықаралық әуе рейстерге енгізілген талаптар да өзгереді. Ел премьер-министрі Хан Док Су осылай деп мәлімдеді. Ол эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын жеткізді. Сарапшылар ұзақ уақыт әуежайларда билет болмай қалу және қымбатқа сату сияқты қолайсыздықтар толық жойылады деп сенеді.

Сондай-ақ...