476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мәскеуде бизнес-орталығынан шыққан өрт тоқтатылды

  • 200
  • UPD: 18:09, 03.06.2022
Мәскеуде бизнес-орталығынан шыққан өрт тоқтатылды

Мәскеудегі «Гранд Сетунь плаза» бизнес орталығында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 2 адам зардап шекті. Төтенше жағдай министрлігі 100-ден астам азаматты эвакуациялаған. Соған қарамастан, ғимарат ішінде адамдар қалып қойған болуы мүмкін. Соңғы ақпар бойынша өрт ауыздықталған. Қазір оқиға орнында құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала болжам бойынша өртке тоқтың тұйықталуы себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы