Йеменде бітім екі айға созылды

Йеменде соғысушы тараптар уақытша бітімді тағы екі айға созуға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның Йемен бойынша арнайы уәкілі Ханс Грундберг мәлімдеді. Уағдаластыққа сәйкес алдыңғы шарттар сақталады. Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, бітімнің арқасында екі айда бейбіт тұрғындар арасында құрбандар қарасы азайған. Ходейда порты арқылы жанармай жеткізу ұлғайып, Сана қаласындағы әуежайдан коммерциялық рейстер қалпына келтірілген.

Сондай-ақ...