Иракта балық пен тауық етіне сұраныс артты

Иракта жануарлар арасында безгек ауруы белең алуына байланысты жұрт жаппай балық пен тауық етіне көше бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саудагерлердің айтуынша, балыққа деген сұраныстың күрт артуынан баға да өскен. Наурыз айында Иракта геморрагиялық безгек ауруы ушыққан еді. Содан бері 120 науқас анықталып, 20-сы ажал құшты. Инфекцияның таралуына байланысты билік өкілдері жануарларды дәрілеу ісін қолға алған. Безгек ауруы Иракта алғаш рет 1979 жылы анықталды. Ол адамдарға кене арқылы жұғады.