«Яндекс» акциялары құлдырады

Ресейдің «Яндекс» компаниясының акциялары 10 процентке құлдырады. Бұл 2017 жылдан бері болмаған жағдай. Бұған Еуроодақтың жаңа санкциялар пакеті себеп.

Бұл тізімде интернет-холдингтің негізін қалаушы Аркадий Волож да бар. Жаңа шектеу шаралары жарияланғаннан кейін бизнесмен «Яндекстегі» басқарушы қызметінен кеткен. Жалпы Еуроодақтың Ресейге қарсы бұл жолғы алтыншы санкциялар тізіміне 18 ұйым мен 60-тан аса жеке тұлға кіріп отыр.