Кубада «Алекс» дауылынан екі адам қаза тапты

Кубада «Алекс» тропикалық дауылы ойран салып, елдің орталық және батыс өңірлерін су басты. Салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.

Табиғат апатынан әсіресе ел астанасы Гавана қатты зардап шеккен. Мұнда толассыз жауған нөсер салдарынан тұрғындар тізеден су кешуге мәжбүр. Жергілікті дүкендердің көбі жабық тұр. Мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар нөсер әлі басылмайтынын ескертеді. Негізі Кубада маусым жауын-шашын ең көп жауатын ай саналады.