Бангладеште қойма жарылып, 45 адам көз жұмды

Бангладештің оңтүстік-батысында химикат сақталған контейнерде болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың саны 45-ке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаза тапқандардың арасында өрт сөндірушілер де бар. Тағы 150-ден астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша алдымен химиялық затқа толы контейнерде өрт шығып, соңы жарылысқа ұласты. Улы заттардың теңізге төгілмеуі үшін оқиға орнына әскерилер тартылды. Апаттың себебін анықтау үшін тергеу ісі жалғасуда. Ақпарат құралдары бұл жерде 5 мыңға жуық контейнер болғанын айтады. Жергілікті билік мерт болғандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлады.