Қытайда ғарыш станциясына «Шэньчжоу-14» аттандырылды

Қытай «Тьянгун» ғарыш станциясына 3 ғарышкері бар «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесін аттандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зымыран елдің солтүстігіндегі Цзюцзюань айлағынан ұшырылды. Экипаж онда 6 айға дейін болып, желтоқсан айында Жерге оралуы керек. Осы уақыт аралығында олар Қытай ғарыш станциясын құру жұмыстарын аяқтап, 100-ден астам ғылыми зерттеу жүргізеді. Айта кетейік, «Тьянгун» ғарыш станциясы бұл орбитада құрылған «МИР» мен Халықаралық ғарыш станциясынан кейінгі үшінші ғарыш станциясы.