Франциядағы дауылдан 15 мың баспана жарықсыз қалды

Францияда ойран салған долы дауылдан 1 адам мерт болып, тағы 15 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кей өңірлерде бұршақ жауған. Табиғат апатынан 15 мың баспана жарықсыз қалды. Елдің метео-қызметі 65 департаментте қауіптіліктің сарғылт деңгейін жариялады. Әуежайларда рейстер кейінге шегеріліп, темір жол қатынасы да уақытша тежелді.