Нигерияда шіркеудегі шабуылдан 50-ге жуық адам көз жұмды

Нигерияның оңтүстік-батысында қарулы адамдар шіркеуге шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдардың арасында әйелдер мен бала көп. Оқиға кеше Ондо штатындағы Ово қаласында болды. Содырлар адамдарды шіркеуде мінәжат уақытында атқан.  Осыдан кейін шіркеу басшысы мен бірнеше қызметкерді тұтқынға алып, белгісіз бағытта іздерін суытқан. Шабуылды кімдер және қандай себеппен жасағаны белгісіз.