Грекияда теңіз табанынан 23 тоннадан астам қоқыс алынды

Грекияның Итака аралының маңында теңіз табанынан 23 тоннадан астам қоқыс алынды.

Қалдық арасында 25 үлкен ау мен түрлі құрал-жабдық бар. Оларды Ұлыбритания, Нидерланд, Ливан, Венгрия және Грекиядағы ерікті сүңгуір су бетіне алып шыққан. Мамандардың бұл жұмысы 2 аптаға созылды. Оларға жергілікті балықшылар да көмектескен. Әдетте су астында көрінбей жататын қоқыс миллиондаған теңіз жәндігін өлтіреді.

Айта кетейік, 8 маусым Дүниежүзілік мұхит күні. Бұл датаны Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен.