Еуроодақ Ресейді тамақ тапшылығы үшін айыптады

"Әлемде туындаған азық-түлік дағдарысына Ресей кінәлі."

Еуроаплық кеңес төрағасы Шарль Мишель БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, Еуроодақ Ресейдің аграрлық секторына санкциялар салмаған. Бірақ Мәскеу өзінің Украинадағы әскери қимылдарымен жағдайды ушықтырып жіберген. Мысалы, астық қоймаларын бомбалап, қолына тиген шикізатты ұрлап жатыр, дейді. Ресейдің халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі бұл айыптарды негізсіз деп, жиыннан шығып кетті.

Шарль Мишель Еуропалық Кеңестің төрағасы:

- Шындығын айту керек, Ресей азық-түлік тасымалын дамушы елдерге қысым көрсету құралы ретінде қолданып отыр. Ресейдің әскери қимылдарынан әлем елдері зардап шегуде. Себебі Азық-түлік бағалары өсіп, адамдар аш қалып жатыр. Бұған тек Ресей жауапты.