476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Байден электр қуатының тапшылығынан ТЖ режимін енгізді

  • 210
  • UPD: 11:52, 07.06.2022
Байден электр қуатының тапшылығынан ТЖ режимін енгізді

АҚШ президенті Джо Байден елде туындаған электр қуатының тапшылығынан төтенше жағдай режимін енгізді.

Тиісті хабарландыру ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Онда сұранысты қанағаттандыру үшін қажетті электр қуатын шығаруға кедергі жасап отырған бірнеше факторлар анықталды. Сонымен қатар, Байден Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінен импортталатын күн батареялары мен оның құрамдас бөліктеріне тағы екі жылдай баж салығы салынбайтынын хабарлады. Вашингтон тауардың бұл түрі АҚШ-та өндірілсе өзге елге тәуелділік азаятынын алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы