Жапония билігі электр энергиясын үнемдеуге шақырады

Жапония билігі электр энергиясын үнемдеуге шақырады

Электр энергиясы тапшылығының қаупі Жапонияға да төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыста бұл проблема бір миллионан аса үйде сезілуі мүмкін. Бұл жағдайдың алдын алу үшін билік тұрғындарды қазірден бастап үнемудеу шараларын қолға алуға шақырды. Соңғы рет мұндай нұсқау 2011 жылы берілген. Ол кезде «Фукусима-1» атом электр стансасындағы апаттан кейін төтенше жағдай жарияланып, бұл тәртіп 2015 жылға дейін жалғасқан. Араға біраз жыл салып, жағдайдың қайта ушығуына кейінгі уақытта ескі жылу станциядары жұмысының тоқтатылуы себеп. Ал атом электр станциясын қайта іске қосу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Себебі жергілікті биліктің энергетикалық компаниялардың қызметіне рұқсат бермейтін жайттар бар. Енді электр энергиясын үнемдеу үшін ірі кәсіпорындардың жұмысы шектелуі мүмкін. Ал тұрғындарға кондиционерлерді ақылға салып пайдалануға кеңес берілді.