Зеленский: 31 мыңнан астам Ресей әскері өлді

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Ресейдің 31 мыңнан астам әскері ажал құшты. Қазір күніне олардың 300-ге жуық сарбазы көз жұмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Украинаның қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан майдан шебінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Украина әскері Донбас аймағын ерлікпен қорғауда. Бірінші кезекте Северодонецк, Лисичанск, Попасная қалалары. Ресей қосымша әскер әкеліп жатыр. Бірақ бұл енді ештеңені шешпейді. Өйткені басқыншы сарбаздардың көбі Украинада түпкілікті жеңіске жете алмайтынын түсінді. Біз еркін елміз, құл емеспіз.