Мексикада аспалы көпір құлады

Мексикада аспалы көпір құлады
trend.az

Мексиканың орталық бөлігінде орналасқан Морелос штатындағы Куернавака қаласында аспалы көпір құлады, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап.

Салдарынан кем дегенде сегіз адам зардап шеккен, оның ішінде қала әкімі де бар. Оқиға ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі кезінде болды. Апат орнына жеткен дәрігерлер мен құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсеткен.

Көпірдің құлау себебі әлі анықталған жоқ.