Иранда пойыз апатынан 21 адам қаза тапты

Иранның шығысында пойыз жолдан шығып кетіп, 21 адам ажал құшты.

Тағы жарақат алған 86 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар әлі жұмыс істеп жатыр. Билік құрбандар қатары артуы мүмкін деп ескертті.

Айта кетейік, апат Тебес қаласының маңында болған. Пойыздың 7 вагонының төртеуі рельстен шығып кеткен.