Германияда шетел азаматы адамдарды қағып, 14 оқушыны жаралады

Германияда бір топ адамды қаққан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тапа тал түсте болған көлік апатынан 14 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы оқушылар. Олардың алтауы ауыр халде. Бұған дейін оқиғадан бір әйел адамның қаза тапқанын хабарланған едік.

Естеріңізге салайық, қайғылы жағдай Берлин қаласында болған еді. Reno көлігінің жүргізушісі көшедегі жаяу жүргіншілерді қағып, кейін ізін суытпақ болғанда дүкенге соғылған. Жүргізуші полицияның қолына түсті. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қаскөй бұл әрекетін қасақана ұйымдастырған. Күдікті Армениядан келген 29 жастағы ер адам екені анықталды. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.