476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Антарктидада жаңа жауған қардан пластик табылды

  • 200
  • UPD: 10:49, 09.06.2022
Антарктидада жаңа жауған қардан пластик табылды

Антарктидада жаңа жауған қардан пластик қалдықтарының бөлшектері анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа Зеландиялық ғалымдар Росса мұздығы аумағынан жаңа жауған қар үлгілерінен пластик қалдықтарды тапты. Зерттеу барысында ерітілген әр бір литр қардан шамамен 30-ға жуық түрлі пластик қалдықтардың бөлшегі анықталған. Ғалымдар олардың арасында шөлмек шығаруда қолданылатын полимер мен синтетикалық талшықтар көп кездесетінін айтады. Мамандар бұл Антарктидадағы мұздықтардың еруін жылдамдатып, құрлықтың экожүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы