Австралияда теңіз айдаһарларының жойылып кету қаупі бар

Австралиялық ғалымдар теңіз айдаһарлары жайлы мағлұмат жинауды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені осы балықты зерттеу теңіз жануарларының өзге түрлерін аман алып қалуға көмектеседі, дейді мамандар.

Айта кетейік, соңғы уақытта Австралия жағалауында жүздеген теңіз айдаһарының өлігі табылды. Ғалымдардың айтуынша, балықтардың жаппай қырылуына маржан рифтерінің жойылуы әсер еткен. Бұдан бөлек, климаттың өзгеруі де кері әсерін тигізбей қоймаған көрінеді.