Португалияға саяхат жасағандар маймыл шешегін жұқтырды

Португалияға саяхат жасағандар маймыл шешегін жұқтырды

Бразилия мен Грекия Португалиядан оралған саяхатшылардың маймыл шешегі вирусын жұқтырып келгенін растады.

Бұл туралы The Brazilian Report және Greek City Times ақпарат агенттігінде жарияланды. Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Португалиядан келген науқастан маймыл шешегі анықталған. 20 мамырда инфекция белгілері, атап айтқанда қалтырау, дененің ауырсынуы, қызыл бөртпе пайда болған. Науқас бақылауға алынды. Грекияның денсаулық сақтау агенттігі жасаған мәлімдемеге сәйкес, бұл елде де Португалияға барып келген саяхатшының сирек вирус жұқтыру фактісі расталған. Науқас ауруханада жатыр, денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.