Украинадан босып кеткен адам саны 7 миллионнан асты

Қарулы қақтығыс басталғалы 7 миллионнан астам украиналық шетелге босып кеткен.

Бұл мәліметті Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы таратты. Өз елінен бас сауғалап қашқандардың көбі Польшадан пана тапқан.

Жалпы Еуропа елдерінде босқын мәртебесін шамамен 5 миллион адам алған. Олардың дені әйелдер мен балалар.

Естеріңізге сала кетейік, Украина билігі 60 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды. Өйткені олар әскерге шақырылуы мүмкін.