НАТО Балтық теңізінде оқу-жаттығу өткізіп жатыр

Балтық теңізінде НАТО-ның ауқымды әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Жақында АҚШ, Латвия, Литва және Чехия елдерінің қарулы күштері әуе шабуылдарынан қорғану машықтарын жетілдірді. Оқу-жаттығуға 300 жауынгер қатысты. Жақында Альянс Латвияда жақын және орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы кешенін орналастырған.

Янис Гарисонс, Латвия Қорғаныс министрлігінің хатшысы:

- Испания Лавтияда Солтүстік альянстың қолға алған шаралары шеңберінде әуе шабуылына қарсы жүйені орналастырды. Біз сондай-ақ өзіміздің де жақын және орта қашықтықтағы жүйемізді жасауға күш салып жатырмыз.

Польшада Солтүстік Альянс күштері ұшақ мен тікұшақтардың шабуылына қарсы әскери құрамдардың жаттығуын өткізді. Оның барысында "Старстрик" деп аталатын жылжымалы зеңбіректік-зымырандық кешені сынақтан өтті.

Ұлбыритания Қорғаныс министрлігінің мәдімдеуінше, Лондон дәл осындай қаруды Киевке берген. Балтық теңізінде НАТО әскери теңіз күштерінің жаттығуы маусымның 5-інде басталды. Бұл Альянс тарихындағы ең ірі әскери жаттығудың бірі. Оған 17 елден 3 мыңға жуық жауынгер қатысып жатыр.

Сондай-ақ...