Израиль ковидтің алтыншы толқыны басталғанын жариялады

Коронавирус құрып кеткен жоқ. Израиль билігі елде ковид індетінің 6-толқыны басталғанын ресми жариялады. Індет неге өршіді?

Ауру жұқтыру көрсеткіштері мамандарды мамыр айынан бері алаңдата бастады. Науқастар саны өсіп, вирустың таралуы жиіледі. Бұл бір науқастың қанша адамға жұқтырғанын сипаттайтын көрсеткіш. 7 маусымда 16 мыңнан аса, 8 маусымда 19 мың, ал 10 маусымда 22 мың науқас анықталды.

Яков Беркун, "Адасса" ауруханасы педиатрия бөлімінің меңгерушісі: 

- Бұл вирус бізді талай таңқалдырды. Ұжымдық иммунитетке келсек, ол түсініксіз болып тұр, өйткені үнемі өзгеріп тұрады. Басқа штамм пайда болуы мүмкін. Омикрон жағдайы қайталануы ықтимал. Ауырып шыққан адамдардың көбі омикроннан сақтана алған жоқ. Бірақ омикрон кәдімгі респираторлық ауруға ұқсас болып кетті. Яғни өзге штамм пайда болса, ол да жеңіл өтуі мүмкін. 

Денсаулық сақтау министрлігі «елде індеттің алтыншы толқыны басталды» деп дабыл қақты. Алайда ол көп қасірет әкелген дельта штамынан жеңіл өтуі мүмкін. 

Яков Беркун, "Адасса" ауруханасы педиатрия бөлімінің меңгерушісі: 

- Ең бастысы, вакцина ковидтің ауыр өтуінен сақтайды. Егер өзгерген штамм пайда болса, екпе салдырған және жазылып шыққан адамдар оны жеңіл қабылдайды.

Вирус расында да әлсіреді. Вакциналау індетті құртқан жоқ. Дегенмен, өз көмегін тигізді. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың осал топтарына үшінші екпе салуға нұсқау берді. Мамандар маска тағу тәртібінің күшін жою асығыс шешім болды дейді.

Яков Беркун, "Адасса" ауруханасы педиатрия бөлімінің меңгерушісі: 

- Маска тағу тәртібінің күшін жою - қате шешім. Өйткені бұл қиын шара емес. Әлі күнге дейін науқас көп, ал маска ауру жұқтырудан сақтайды. 

Індеттің жаңа толқыны басталғандықтан мамандар карантиндік шектеулердің бірқатарын қайта енгізу керек дейді. Маска тағып, үнемі қол жуып, адам көп жиналатын орындарға бармау керек. Коронавирус әлсірегенмен әлі де қауіпті дерт.

Сергей Ауслендер

Сондай-ақ...