Қытайда лай көшкінінен 17 адам ажал құшты

Қытайда лай көшкінінен 17 адам ажал құшты

Қытайдың оңтүстік және орталық провинцияларында толассыз жауған нөсер соңы лай көшкініне ұласып, 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 10-ға жуық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар 1 адамды аман алып қалды. Көшкін үлкен су жолдарын шайып, инфрақұрылымға зор зақым келді. Мамандар жауын-шашынға қарамастан, іздеу-құтқару операциясын жалғастырып жатыр. Ең алапат тасқын Қытайда осыдан 24 жыл бұрын болған еді. Ол кезде 2 мыңнан астам адам көз жұмды.