Әлемде зейнетке шығу жасы қандай

Әлемде зейнетке шығу жасы қандай
Ult.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерекке сәйкес бүгінде әлем бойынша жасы 60-тан асқан азаматтардың саны 1 миллиардтан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болжам бойынша 2050 жылға қарай олардың қатары 1,5 миллиардқа жетеді. Осы ретте қарт кісілердің зейнетке шығу жасына тоқталар болсақ, ерлер арасында ол 60 пен 67 жас аралығында болса, әйелдер зейнеткерлікке 55 пен 67 жасында шығады. Әлемде ең ерте зейнеткер атанатындар көрші Қытай халқы мен түркиялықтар болып саналады. Бұл мемлекеттерде ер азаматтар 60 жасында шығады. Ал әйелдерге келсек, Қытайда олар 55 жасында, Түркияда 58-інде зейнетақы ала бастайды. Ең кеш АҚШ, Италия мен Норвегия азаматтары шығады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар 67-ге келгенде бір-ақ зейнет жасына жетті деп саналады. Ал Ұлыбританияда 66 жаста, Австралияда болса, тұрғындарға 65-ке толғанда ғана зейнетке шығу рұқсат етілген.