Жапонияда робот саусағы адам жасушасымен қапталды

Жапон ғалымдары саусағы адам жасушасымен қапталған робот жасап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапондық ғалымдар роботтың саусағын адам жасушаларынан жасап шығарды. Бұған дейін бұл мақсатта силикон қолданылатын. Бірақ мамандар жасанды сананың мүмкіндіктерін арттыруды жөн көрген. Мәселен, науқастарға күтім жасайтын роботтардың денесін силикон емес, адамдікіне ұқсас сезімтал тері қаптаған дұрыс дейді.

Шоджи Такеучи, Токио университетінің профессоры:

– Адам жасушыларынан жасалған терінің сезімталдығы жоғары болады. Ол сондай-ақ өздігінен қалпына келу қасиетіне де ие. Әзірге бұл ең қарапайым үлгі саналады. Алайда болашақта оны жетілдіреміз.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева