476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Австралия ғалымдары «Супербалдыр» іздейтін робот ойлап тапты

  • 209
  • UPD: 20:18, 10.06.2022
Австралия ғалымдары «Супербалдыр» іздейтін робот ойлап тапты alashainasy.kz

Австралиялық ғалымдар пайдалы қасиеттерге мол балдырларды іздеп таба алатын робот жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өсімдік үлгілерін сканерлеп, ерекшеліктерін талдауға қауқарлы. Бұрын бір штамның қасиеттерін анықтау үшін мамандардың 6 ай уақыты кететін. Ал қазір технологияның арқасында оған бір апта жетеді. Сөйтіп ғалымдар болашақта «Супербалдыр» табуға ниетті. Олардан тамақ, дәрі-дәрмек, пластик пен құрылыс материалдарын жасауға болатынын айтады.

Эдди Кастович, ғалым:

– Бұл робот 20 ғалымның бір жылдық жұмыс көлемін бір өзі жасай алады. Күнде қайталана беретін ұсақ шаруа адамды жалықтырып жібереді. Мұндайда осындай технологиялардың көп көмегі тиеді. Біз уақытпен қоса ақша жағынан да үнемдейміз.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева

 

Хабар 24 телеарнасы