Алдағы уақытта әлемде ЖИТС дертінен 7 млн астам адам көз жұмуы мүмкін

Әлемде алдағы 10 жылда жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан 7 миллионнан аса адам көз жұмуы мүмкін.

БҰҰ сарапшылары осындай болжам жасап отыр.

Жаңа дерекке қарағанда, адамның иммун тапшылығы вирусы және онымен байланысты дерттен апта сайын 13 мыңға жуық адам қайтыс болады. 2020 жылы бұл кеселді бір жарым миллион адам жұқтырып, 680 мыңы өмірден озған. Мамандар әсіресе Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ахуал алаңдатып отырғанын айтады.

Сондай-ақ...