Ресей банкі проценттік мөлшерлемені биыл алтыншы рет төмендетті

Ресей банкі пайыздық мөлшерлемені 9,5 процентке дейін түсірді.

Бұл Ресей банкінің пайыздық мөлшерлемені ақпан айында 20 процентке көтергеннен бері 6-рет төмендетуі. Бұл нарықты кредиттеу қажеттігінен туындап отыр. Қазір Ресей банктерінде тұтынушылық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 40 процентті құрайды. Ал көлікке несие 30, ипотекаға 16-18 процент көлемінде. Сарапшылар макроэкономикалық тұрғыдан рубльдің күшеюі тиімсіз деп отыр. Себебі мемлекеттік бюджетті жоспарлауда 1 доллар 70 рубль болып белгіленіп отыр. Ал доллардың курсы негізінен мұнай мен газды экспорттаудан құралады екен.

Максим Чирков, экономист:

- Пайыздық мөлшерлеме төмендетілген соң рубльдің тез күшеюі сарапшыларды таңқалдырып отыр. Қазір рубльдің доллар мен еуроға шаққандағы тәуліктік өсімі 5 процентке жетеді. Рубль күшейіп келеді. Алдағы апталарда пайыздық мөлшерлеме тағы төмендетілуі мүмкін.

Сондай-ақ...