Солтүстік Кореяда беймәлім безгек 42 мыңнан астам адамнан анықталды

Солтүстік Кореяда белгісіз безгек ауруының таралуы күшейіп тұр.

Өткен тәулікте елде тағы 42 мыңнан аса тұрғыннан дерт анықталған. Жақында жерглікті мемлекеттік телеарнада арнайы киім киген мамандардың өндіріс ошағында зарарсыздандыру шараларын жүргізіп жатқаны көрсетілді. Солтүстік Кореяда белгісіз безгек ауруының таралуы сәуір айында тіркелді. Ол кезде дәрігерлер бір күнде 400 мың адамнан дерт анықталғанын хабарлаған еді. Халықаралық сарапшылар оны коронавирус деп пайымдап отыр. Оңтүстік Корея мен АҚШ індетке қарсы екпемен көмектесуді ұсынған. Бірақ Пхеньян әлі жауап қайтармады.