Бейжіңнің он төрт ауданында 100-ден адам астам коронавирус жұқтырды

Жаңа індет ошағы шарапханалардың бірінен анықталған. Билік 7 мыңға жуық адамды науқастармен байланыста болды деген күдікпен карантинге оқшаулады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертең ашылуы тиіс мектептер қайтадан жабылды. Балабақшалар да әзірге жұмыс істемейді. Бейжіңде өткен аптаның аяғында ғана ковид шектеулері алынып, 6 маусымда дүкендер, мейрамханалар мен көңіл көтеру орындары ашылған болатын.

Сюй Хэцзянь, Бейжің әкімшілігінің ресми өкілі:

- Барлық шарапханалар, караоке және интернет клубтарды қатаң тексеру керек. Үйлер мен қоғамдық орындарға кіреберісте денсаулық анықтамасын, 72 сағат ішінде тапсырылған птр-тест нәтижесін қарау қажет. Басты сала қызметкерлері мен індет ошағындағы адамдар скриниңтен өткізіледі. Тұрғындардан бетперде киіп жүруді, қолды жиі жууды, топталмауды және әлеуметтік арақашықтық сақтауды сұраймыз. 9 сынып оқушыларынан басқа балалар 13 маусымнан бастап онлайн оқуға көшіріледі.

Сондай-ақ...