Ашынған жұрт жолды жауып тастады – Ирак

Ирак астанасы Бағдат пен елдегі екінші ірі қаласы Басра арасындағы тасжол жабылып қалды. Оны ашуға булыққан жұрт бөгеп тастаған. Олар үкіметтен жергілікті мұнай компанияларына  жұмысқа орналастыруды талап етті. Бұған дейін билік уақытша келісім-шарттарды тұрақты жұмыс орнына ауыстырамыз деп уәде берген, бірақ әлі күнге дейін орындалмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол жабылғаннан кейін компаниялардың жұмысшылары қалаға кіре алмай қалды. Оқиға орнына полиция жасағы тартылды. Басра провинциясында Ирактағы мұнай қорының 70 пайызы орналасқан.

Аммар Әл-Заиди, наразы топтың өкілі:

- Үкімет пен депутаттар біздің талабымызды мүлде елең қылмай отыр. Жолды жабудан басқа бізде амал жоқ. Осы жерде құрбан болсақ та,  айтқанымыздан қайтпаймыз. Әділетсіздікке әбден тойдық.

Сондай-ақ...