Қытайда бармақ басындай бұршақ жауды

Қытай астанасы Бейжіңде бұршақ аралас жауын жауды. Табиғаттың тосын мінезі жергілікті тұрғындарды әуре сарсаңға салды.

Аймақта қатты жел көтеріліп, көлік қатынасы тежелді. Жауған бұршақтың ірілігі 2 сантиметрден асады. Апаттан қаланың солтүстік - шығысындағы Миюнь ауданы ең көп зардап шеккен. Жергілікті билік тұрғындарды сыртқа шықпауға шақырды.

Мамандардың айтуынша, екпінді жел мен жауын-шашын бүгін де жалғасады.