Түркияның алаңдауы орынды – НАТО Бас хатшысы

Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуына қатысты Түркияның алаңдаушылығы орынды.

Себебі Түркия лаңкестіктен ең көп зардап шеккен елдің бірі. Солтүстік Альянс бас хатшысы Йенс Столтенберг Финлияндияға сапары кезінде осындай мәлімдеме жасады. Сондықтан Копенгаген мен Стокгольмнің Анкарамен келіссөз жүргізуін қолдайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Украиндағаы ахуалға байланысты Финляндия мен Швеция бейтараптық мәртебесінен бас тартып, НАТО-ға кіруге бел буған. Алайда Түркия қос мемлект лаңкестік ұйымдармен күресте екіұшты саясат ұстанып отыр деп наразылық білдірді.

Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:

- Мен бұл мәселенің тезірек шешілгенін қалаймын. Біз Анкараны алаңдатып отырған түйткілдерге қатысты Финляндия, Швеция және НАТО-ға мүше елдермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Түркияның алаңдаушылығы заңды. Себебі, мәселе лаңкестік пен қару-жарақ экспортына байланысты болып отыр.

Ал Финляндия президенті Саули Ниинистё өз елінің НАТО-ға Швециясыз кірмейтінін мәлімдеді. Қос мемлекет мамыр айында Солтүстік альянсқа мүше болуға өтініш берген. Бірақ оларды альянсқа мүше елдердің барлығы қолдауы керек.