loader

АҚШ елге кірген кезде ПТР-тест тапсыруды талап етпейтін болды

АҚШ елге кірген кезде ПТР-тест тапсыруды талап етпейтін болды

Ендігәрі АҚШ әуежайларында сырттан келген жолаушылар үшін ПТР-тест тапсыру міндетті емес.

Коронавирус дертінен айығып шыққанын дәлелдейтін анықтама да талап етілмейді. Шектеу шараларының жеңілдеуіне аймақтағы эпидахуалдың жақсаруы себеп болды.

Жергілікті билік жағдай қайта ушығатын болса, талаптардың қатаңдатылатынын ескертеді. Десе де, мамандар туристерге сапарға шығар алдында жіті тексерілуге кеңес береді. Ұлыбритания мен Канада ПТР-тест талабын наурыз айында алып тастады. Ал Түркия шектеу шараларын маусымның басында жеңілдетті. Ал Қазақстанда маусымның 8-інен бастап туристерден ПТР-тест нәтижесі талап етілмейді.

Сондай-ақ...