Үндістанда ереуілге шыққан 300-ге жуық адам қамауға алынды

Үндістанда индуизм және ислам дінін ұстанушы тұрғындар арасында  басталған ереуіл басылар емес.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, полиция 300-ге жуық адамды қамауға алды.

Наразылық акция елдің 5 штатында ұйымдастырылды. Жергілікті билік бұл өңірлерде интернетті  48 сағатқа  бұғаттап, төтенше жағдай режимін жариялады. Ашуға бой алдырғандар тәртіп сақшыларына тас жаудырып, көшедегі көліктерді өртей бастаған. Полиция оларды тарқату үшін көз жасаурататын газ бен таяқ қолданған. Екі адамның мерт болғаны белгілі. Дінаралық жанжалдың туындауына Үндістандағы билік партиясы өкілдерінің Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізгені себеп. Саяси ұйымның екі өкілі де қызметінен қуылды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Оман мен Иран елдері болса үнді билігінен кешірім сұрауды талап етуде. Сауда саласында басты серіктес саналатын мұсылман елдері үнді тауарларына жаппай бойкот жариялап жатыр.

Сондай-ақ...