Қырымды да азат етеміз – Зеленский

Украина Ресей әскері басып алған қалалардың бәрін азат етеді. Президент Владимир Зеленский кезекті  жолдауында осылай деді. Ол отандастарын жау қолына өткен аймақтардың тұрғындарымен хабаралысып, оларға әскери іс-қимылдар туралы сенімді ақпаратты жеткізуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зеленскийдің қазірдің өзінде мыңға жуық елдімекен қайтарылғанын еске салды. Украина әскері елдің оңтүстігінде зеңбірек саны жағынан басым Ресей басқыншылығына толық тосқауыл қойған.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Серіктестерімізде жеткілікті көлемде қару-жарақ бар. Тек оларға саяси ерік-жігер керек. Сол үшін күнде тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз. Бізде қарсы күресіп,  жерімізді азат етуден басқа амал жоқ. Басқыншыларды барлық облыстан қуып шығуымыз керек. Майдан шебі қазір 2500 шақырымды қамтиды. Әрине өзіміздің Қырымды да босатуға күш саламыз.

УКРАИН ӘСКЕРИЛЕРІ СЕВЕРО-ДОНЕЦКІДЕН КЕТУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Ал өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасының күштік құрылымдары украин әскерилері Северо-донецкіден кету мүмкіндігінен айырылғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, Украина қарулы күштерінің сарбаздары Северодонецкті Лисичанскпен байланыстыратын соңғы көпірді жарып жіберген, қазір олар қаладан шыға алмай отыр.

Эдуард Басурин, өзін-өзі жариялаған ДХР Милиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Украина әскері қалада біржола қалды, енді шыға алмайды. Оларда 2 жол бар: өз еркімен бізге берілу немесе өлім құшу. Басқа жол жоқ.

Сондай-ақ...