Ресей «Азовсталь» туннелін көрсетті

Ресей әскері журналистерге «Азовсталь» болат құю зауытының астындағы жерасты жолдарын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Украина әскері 3 айдай уақыт шабуылға қарсы тұрып, мамырда берілген болатын. Туннельде қару-жарақ пен дәрі-дәрмек сақталыпты. Қазір Азовсталь орналасқан Мариуполь қаласын да толық бақылауда ұстап отыр. Жерасты жолын көрсеткен Ресей сарбазы қолға түскен украиналық жауынгерлердің арасында АҚШ пен Ұлыбритания азаматтарының болғанын жеткізді. Президент Владимир Зеленский 2 мың 500-ден астам украиналық сарбаздың тұтқынға түскенін және қазір оларды босату бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтады.

Сондай-ақ...