ЕО-ға ұмтылған мигранттар қарасы артты

Биыл жыл басынан Еуроодаққа қарай ұмтылған заңсыз мигранттар қарасы еселеп өсіп, ұйым шекарасына қысым күшейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы одақтың Шекара және жағалау күзеті агенттігі мәлім етті. Мәліметке қарағанда, алғашқы 5 айда ортақ аймақ шекарасын 86 мыңнан аса заңсыз кесіп өту оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 82 процент көп. Агенттік өкілдері босқындардың шекараны бұзуы үш есе артқанын айтып отыр. Мигранттардың басым бөлігі Ауғанстан мен Сирия азаматтары.